Садыр Жапаров еліміздегі аза тұту күніне орай көңіл айтты
10 Қаңтар, 12:02 281

Садыр Жапаров еліміздегі аза тұту күніне орай көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтты.

Қазақстан Республикасында орын алған қайғылы оқиғалар мені қатты қынжылтады. Қазақстан Республикасының бейбіт тұрғындары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты жалпыұлттық аза тұту күнінде Қырғыз Республикасының халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және бауырлас Қазақстан халқына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын, -деді Қырғызстан Президенті.

Сондай-ақ ол қазақстандық қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтып, барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін айтты.

Біз Қазақстан Республикасын елдеріміздің көп ғасырлық тарихи, рухани және мәдени ортақтығына негізделген достық, тату көршілік және өзара сыйластықтың мызғымас қағидаттарына негізделген сенімді көрші және стратегиялық серіктес ретінде әрқашан қолдайтын боламыз. Бауырлас Қазақстан халқына осынау қиын-қыстау кезеңде тұрақтылық, бірлік, бейбітшілік пен береке тілеймін, - делінген жеделхатта.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...