Сағынтаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

23 Маусым 2020, 11:01
916
Бөлісу:
Сағынтаев полиция қызметкерлерін  кәсіби мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалықтардың басты талабы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Алматы әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында құттықтауын жариялады.

Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, халықтың амандығын сақтап жүргендердің алдыңғы қатары – сіздерсіздер. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, — деп жазды Б. Сағынтаев.

Алматы әкімдігінің жұмысындағы басты міндеттердің бірі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екені бұрыннан белгілі. Осынау абыройлы істі жүзеге асыру үшін өткен жылдан бастап көшелер мен аулаларды патрульдеу күшейтілді, қаланың барлық аудандарында полицияның мобильді пункттері ашылды.

Нәтижесінде, қылмыс деңгейі  күрт қысқарды. Бүгінгі күні екі мыңнан астам полиция қызметкері тәулік сайын қоғамдық тәртіпті сақтау жолында аянбай қызмет етуде.

Төтенше жағдай кезінде полиция қызметкерлері медиктермен, санитарлық дәрігерлермен, әскерилермен бірге блок-бекттерде тәулік бойына өз міндеттерін мүлтіксіз орындап, қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз етті. Бұл шараларға бес мыңнан астам полиция қызметкері тартылды.

Өзгелердің жаңалығы