Сәрсенбіде екі қалада ауа сапасы нашарлайды

15 Шілде 2020, 08:55
1764
Бөлісу:
Сәрсенбіде екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 шілде, сәрсенбі күні республиканың екі қаласында ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сәрсенбі күні ауа сапасы екі қалада – Шымкент және Балқашта (Қарағанды облысы) нашарлайтыны күтілуде. Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы