СҚО-да ет комбинаты өндірісті ұлғайтуда

26 Мамыр 2020, 07:24
1898
Бөлісу:
СҚО-да ет комбинаты өндірісті ұлғайтуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-да ет комбинаты өндірісті ұлғайтуда. Бұл туралы аймақ басшысының Тайынша ауданына жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Тайынша ауданында ауыл шаруашылығы, спорт және мәдени нысандарды аралады.

Сонымен қатар өңір басшысы ет комбинатының жұмысын қадағалады. Былтыр кәсіпорын 8,5 млрд теңгенің өнімін шығарған. Былтыр 1,8 мың тонна етті өндірсе, биыл 3 мыңға жеткізуді көздеп отыр.

Бүгінгі күні 50 мың басқа шақталған екінші шошқа кешенінің құрылысы басталған.



Өзгелердің жаңалығы