СҚО-да 13 мың текше метр қар шығарылды

24 Наурыз 2019, 17:14
1847
Бөлісу:
СҚО-да 13 мың текше метр қар шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының қауіпті аймақтарынан 13 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жөнінде Total.kz порталы хабарлады. 

Ауа температурасының қарқынды жоғарылауы солтүстікте су тасқыны мен су басу қаупін тудырып отыр. 

СҚО қалаларының ауылдары мен аудандарында су басу қаупі бар жерлерден қар шығарылып, су жүретін орындар тазартылып жатыр. 

«Мереке күндерінде 588 су өткізетін құбыр, арық пен жыралар тазартылып, 13 мың текше метр қар елді мекен аумағынан аулақ шығарылды», - дейді СҚР ТЖД өкілі Рүстем Жұмағалиев. 

Оның айтуынша, құтқарушылар ауыл, аудандардағы үйлерді аралап, апатты жағдай туындаған кездегі шұғыл әрекеттер жайында халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Өзгелердің жаңалығы