Бас жаңалықтар
Съезд әлемдегі тұрақты даму проблемаларын талқылауға мүмкіндік береді – БҰҰ өкілі
06 Қазан 2021, 10:53 865

Съезд әлемдегі тұрақты даму проблемаларын талқылауға мүмкіндік береді – БҰҰ өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІХ отырысында БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратинос хабарлады. 

Ол сөзінде Қазақстан өз ішінде ғана емес, халықаралық деңгейде де дінаралық және конфессияаралық диалог орнатуға баса мән беріп, осы бағытта маңызды жұмыс атқарып жатқанын алға тартты.

Бұл бірегей алаң саясаткерлер, дін лидерлері, халықаралық және өңірлік ұйымдар және барлық мүдделі тараптарға әлемдегі дінаралық диалог пен тұрақты дамуға қатысты проблемаларды бірлесіп талқылауға жақсы мүмкіндік береді. Сондықтан БҰҰ Өркениеттер Альянсы алдағы VII Съезд жұмысына белсенді қатысады, – деді Мигель Анхель Моратинос.
Сондай-ақ БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі тұрақты және қауіпсіз әлем құру үшін діннің қоғамдағы рөлін және халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимылды талқылау тұрғысынан Съездің маңызы зор деп отыр.

Еске сала кетейік, елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХІХ отырысы өтіп жатыр. Съезд Хатшылығының отырысына 20 елден келген әлемдік діндер мен конфессиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...