Бас жаңалықтар
Румынияда ауруханадан өрт шығып, 10 адам қаза тапты
15 Қараша 2020, 05:30 125

Румынияда ауруханадан өрт шығып, 10 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Румынияның шығысындағы Пьятра-Нямц қаласында орналасқан аурухана бөлімшелерінің бірі сенбі күні кешқұрым отқа оранды, деп хабарлайды Agerpres агенттігі.

Өрт салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапқан, жетеуі ауыр халде. 

Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Агенттіктің деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта тілсіз жау ауыздықталған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...