Ревакцинация. Басқа вакцина ектіруге бола ма?

15 Қараша 2021, 11:04
1021
Бөлісу:
Ревакцинация. Басқа вакцина ектіруге бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман хабарлады. Оның айтуынша, барлық егулер иммунитетті өмір бойын қалыптастырмайды.

Кейбір инфекциялардан әрбір бес, он жыл сайын, ал тұмау сияқтылардан жыл сайын егілу керек. Ревакцинация деген осы. Кейде «үдеткіш вакцина» термині қолданылады, яғни, тағы бір қосымша деген сөз, - деп атап өтті ғалым.

Вакцинаның үдеткіш дозасы туралы айта отырып, профессор көптеген ғалымдар кросс-ревакцинацияны, яғни үшінші вакцинаны басқа препаратпен алуды ұсынады, алайда бұл қатып қалған қағида емес.

Денсаулық сақтау министрлігі вакциналарды араластыруды бір нұсқа ретінде қарастырады. Алдында салдырған екпемен қайта вакциналануға болатындығын ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен, мен өзім түрлі вакциналарды араластыру тиімді болады деп санаймын. Араластыру кезінде қандай да бір қарсы көрсетілімдер болған жоқ, - деді Профилактикалық медицина академиясының президенті.

Еске сала кетейік, бұған дейін ғалым Pfizer вакцинасының қауіпсіздігі дәлелденгені туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы