Республиканың 4 қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі

16 Желтоқсан 2020, 08:43
1263
Бөлісу:
Республиканың 4 қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 желтоқсан, сәрсенбі күні еліміздің 4 қаласында ауа сапасы ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ауа сапасы ластануы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы