Республиканың 4 қаласында қолайсыз метеожағдай болуы мүмкін

27 Желтоқсан 2020, 08:50
1186
Бөлісу:
Республиканың 4 қаласында қолайсыз метеожағдай болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 желтоқсан, жексенбі күні еліміздің 4 қаласында ауа сапасы ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған және Нұр-Сұлтанда ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы