Республикамызға көрші елдерден газ тасымалдана ма?

5 Қараша 2021, 15:34
1026
Бөлісу:
Республикамызға көрші елдерден газ тасымалдана ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жөребеков хабарлады.

Біздің елдің газ тұтыну көлемі 17 млрд. Ол толығымен республиканы газбен қамтамасыз етуге жеткілікті. Сол себепті газ тапшылығы жоқ. Бірақ Ресеймен операция алмасу жүргізіліп жатыр. Мысалы, Ресейге батыстан Қарашығанақтың газын жіберсек, басқа өңірлерге біз ресейлік газды аламыз. Бірақ таза импорт жоқ, - деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізге басқа көрші мемлекеттермен газ жеткізілмейді.

Өзбекстаннан да газ тасымалдамаймыз. Қыста қатты аяздар болса, қажет болған жағдайда техникалық мүмкіндігіміз бар, - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде қанша жылға жететін газ қоры қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы