Ресейлік вакцинаның қарсы көрсетілімдері жарияланды

21 Тамыз 2020, 10:40
1409
Бөлісу:
Ресейлік вакцинаның қарсы көрсетілімдері жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гамалеи орталығы коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның кімдерге егуге болмайтынын жариялады, деп жазды kursiv.kz.

Дәрілік заттар мемлекеттік реестрлер тізімінің сайтындағы мәліметке сүйенсек, вакцинаны екпенің құрамындағы кез келген затқа сезімталдығы бар адамдарға сондай-ақ, аллергиялық рекациясы мен созылмалы, инфекциялық, асқазан, ішек жолдары аурулары барларға, ЖРВИ-ге шалдыққандарға егуге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, бұл тізімге жасы 18 жасқа толмағандар мен жүкті әйелдер кіреді. 

Қарсы көрсетілімдер вакцинаның екінші компонентіне де қатысты. Бірінші дозадан кейін аллергиялық реакция туындап, дене температурасы 40 градустан жоғары болғандарға екінші дозаны алуға рұқсат етілмеген. 

Бұған дейін медицина ғылымдарының докторы Владислав Жемчугов екпені дене температурасы 37 градустан жоғары жандарға егілмейтінін айтқан болатын, сондай-ақ вакцина егер алдында алкогольдік ішімдіктерді пайдаланбаған жөн.

Естеріңізге сала кетейік, «Гам-КОВИД-Вак» (нарықтағы атауы «Спутник-V») 11 тамызда тіркеуден өткен болатын. Вакцинаны ресейлік Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жасап шығарды. Орталық басшысы Александр Гинцбург вакцина COVID-19 инфекциясына қарсы 2 жылға иммунитет қалыптастыратынын айтқан.

Өзгелердің жаңалығы