Ресей үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

22 Қаңтар 2020, 06:36
1971
Бөлісу:
Ресей үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей президенті Владимир Путин РФ министрлер кабинетінің жаңа құрамы туралы жарлыққа қол қойды, деп жазды РИА Новости. 

Сонымен, премьер-министр Михаил Мишустиннің тоғыз орынбасары болады. Олар:

- Андрей Белоусов – үкімет төрағасының бірінші орынбасары,

- Дмитрий Григоренко - вице-премьер, үкімет аппаратының басшысы,

- Виктория Абрамченко - вице-премьер,

- Татьяна Голикова - вице-премьер,

- Юрий Борисов - вице-премьер,

- Дмитрий Чернышенко - вице-премьер,

- Юрий Трутнев - вице-премьер, АШФО өкілетті уәкілі,

- Алексей Оверчук - вице-премьер,

- Марат Хуснуллин - вице-премьер.

Бұл тізімдегі Юрий Трутнев, Юрий Борисов пен Татьяна Голикова өз қызметтерін сақтап қалған.

Министрлер:

- Сергей Шойгу – қорғаныс министрі,

- Сергей Лавров – сыртқы істер министрі,

- Евгений Зиничев – азаматтық қорғаныс істер, төтенше жағдайлар мен салдарын жою бойынша министр,

- Константин Чуйченко - әділет министрі,

- Владимир Колокольцев - ішкі істер министрі,

- Антон Силуанов – қаржы министрі,

- Максим Решетников – экономикалық даму министрі ,

- Ольга Любимова – мәдениет министрі,

- Александр Новак - энергетика министрі,

- Евгений Дитрих - көлік министрі,

- Денис Мантуров - өндіріс және сауда министрі,

- Максут Шадаев - шифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрі,

- Дмитрий Кобылкин - табиғи ресурстар мен экология министрі,

- Михаил Мурашко - денсаулық сақтау министрі,

- Дмитрий Патрушев - ауыл шаруашылығы министрі,

- Владимир Якушев - құрылыс және ТКШ министрі,

- Сергей Кравцов - ағарту министрі просвещения

- Александр Козлов - Алыс Шығыс пен Арктиканы дамыту министрі,

- Олег Матыцын - спорт министрі,

- Антон Котяков - еңбек және әлеуметтік қорғау министрі,

- Валерий Фальков - ғылым және жоғары білім министрі.

Айта кетейік, бұрынғы үкімет құрамында жұмыс істеген 12 министр қайта тағайындалып, қызметтерін сақтап қалды. Олар: Сергей Лавров, Сергей Шойгу, Денис Мантуров, Владимир Колокольцев, Александр Новак, Дмитрий Кобылкин, Евгений Зиничев, Александр Козлов, Дмитрий Патрушев, Владимир Якушев, Евгений Дитрих, Антон Силуанов.

Жаңа есімдерге келетін болсақ, бұған дейін Росздравнадзорды басқарған Михаил Мурашко денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Ал Экономикалық даму министрлігінің тізгіні Максим Решетниковке сеніп тапсырылды. Бұған дейін "Ростелекомның" цифрлық алаңдар бойынша вице президенті болған Максут Шадаев шифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрі болды. Ольга Любимова мәдениет министрі болып тағайындалды. Валерий Фальков жаңа ғылым және жоғары білім министрі атанды.

Өзгелердің жаңалығы