Бокстан Әлем чемпионатына қатысушылар саны рекордты деңгейге жетті

17 Тамыз 2019, 11:04
1925
Бөлісу:
Бокстан Әлем чемпионатына қатысушылар саны рекордты деңгейге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Екатеринбургте өтетін ерлер арасындағы әлем чемпионатында қатысушылар саны рекордты деңгейге жетті, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Ресей бокс Федерациясының мәліметінше, жарысқа 91 мемлекеттен 488 спортшы қатысады.  

Әлем чемпионаты 8-21 қыркүйек күндері Екатеринбург қаласында өтеді.  

Жарыс кестесі: 

8 қыркүйек – жеребе тарту рәсімі мен ашылу салтанаты; 

9-17 қыркүйек – күндізгі сессия 13:00, кешкі сессия 18:00; 

18 қыркүйек – ширек финал – 16:00, 19:00; 

19 қыркүйек – демалыс күні;

20 қыркүйек – жартылай финал – 16:00, 19:00;

21 қыркүйек – финал – 16:00-19:30.

Өзгелердің жаңалығы