Бас жаңалықтар
ҚР Әділет вице-министрі тағайындалды
26 Наурыз 2019, 19:31 291

ҚР Әділет вице-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев ҚР Әділет вице-министрі болып тағайындалды.

Алмат Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары жеке секторда қызмет еткен.

2010–2014 жылдары, сондай-ақ, 2017–2019 жылдары  ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша департаментінің құрылымында бас сарапшы, директордың орынбасары, басқарма басшысынан төрелікте іс карауға дейін қызмет еткен.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР ӘМ Заңнама департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Сізден жаңалық