Бас жаңалықтар
Қылмыс жасап, жасырынып жүрген ешкім болмаса да, Қазақстан мен Бразилия ратификация жасады
22 Қаңтар 2020, 11:32 212

Қылмыс жасап, жасырынып жүрген ешкім болмаса да, Қазақстан мен Бразилия ратификация жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан мен Бразилия арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.

Бразилияда Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адам жоқ екен. Сондай-ақ, Бразилия органдары да Қазақстанға іздеу салып күдіктілерді іздестіріп көрмеген. Соған қарамастан екі елдің арасында осындай заң жобасы ратификацияланып жатыр.

Бүгінгі таңда Бразилиямен қылмыстық салада үш негізгі шарт жасалды. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімділікті білдіреді. Қазір екі елдің арасындағы байланыс жоғары деңгейде. Сауда айналымы 2019 жылы 13%-ға өсті. 2016 жылдан бері екі ел арасында визасыз тәртіп қатынастары жасалған, - деп тоқталды ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов. 
Оның айтуынша, бұл ұсынылған шарт іздеуде жүрген адамдарды қылмыстық жауапқа тарту және сот үкімін орындау үшін экстрадициялау мәселелерін шешеді. 
Егер адам Қазақстанда қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүрсе, ол қамауға алынады және Қазақстанға ұстап беріледі. Сөйтіп, қылмыскер елімізде жасырынып жүрсе, біз Бразиялия тарапына адамды экстрадициялауға міндетті боламыз. Құжатта ұстап беру және одан бас тарту негіздері бекітілген, - деді Марат Ахметжанов.
Оның айтуынша, шарттың негізгі бір мақсаты – алдын алу. Бұл құжат қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүрген адамдарды қайтару үшін қажет құқықтық тетік болып отыр екен. 
Бүгінгі таңда шетелмен осындай 21 екіжақты шарт бар. Жақын арада біз осындай шарттарды Аргентинамен, Перу, Доминикан, Кипр, Малайзия және Грекиямен бекітпекпіз, - деді бас прокурордың орынбасары.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...