Қырғызстан ОСК парламенттік сайлау нәтижелерін жарамсыз деп таныды

6 Қазан 2020, 15:22
1521
Бөлісу:
Қырғызстан ОСК парламенттік сайлау нәтижелерін жарамсыз деп таныды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу бойынша комиссиясы 2020 жылдың 6 қазанында Жогорку кенештегі сайлаудағы дауыс беру нәтижелерін заңды күші жоқ деп таныды. 

Бұл туралы ҚР ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстандағы Парламент сайлауы 4 қазанда өтті. Онда 16 саяси партия қатысты. Алдын ала есептеу бойынша 7 пайыздық шекті 4 партия еңсерген. Олар - «Биримдик», «Мекеним Кыргызстан», «Кыргызстан», «Бутун Кыргызстан».

Қалған партия жеткілікті мөлшерде дауыс жинай алмаған.

5 қазанда түске қарай Ала-Тоо алаңында сайлау нәтижесімен келіспегендер митинг ұйымдастырды. Сайлаудан өте алмаған партия лидерлері сайлау нәтижесінің күшін жоюды сұрады. Олардың сөзінше, дауыс беру барысында өрескел бұзушылықтар болған.

Кешке қарай «Ақ үйді» басып алуға тырысқан митингіге қатысушылар мен құқық қорғау органдары арасында қақтығыс басталды. 6 қазан күні түнде наразы топ «Ақ үйді» басып алды.

Айта кетсек, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторынан босатылды.  Ал Қырғыз Республикасының Үкіметі ерекше режимде жұмыс істеуге көшті. Жээнбеков ел мүддесін барлық мүддеден жоғары қоюға шақырып, 6 қазанда елдегі саяси жағдай туралы мәлімдеме жасады.


Өзгелердің жаңалығы