Саяси процесс қалыптасуы үшін ондаған жылдар керек – Сайыров

6 Қазан 2020, 15:11
1729
Бөлісу:
Саяси процесс қалыптасуы үшін ондаған жылдар керек – Сайыров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Nur Otan партиясының жақтастары лигасының мүшесі Ерлан Сайыров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында айтты. 

Nur Otan партиясының праймеризді өткізу шешімі қоғамдық процестерге жаңаша көзқарас қалыптастырып, аймақтардағы  саяси процестерді қалыптастыруға үлесін қосты деуге толық негіз бар. Ауылдық, аудандық және қалалық, республикалық  деңгейде ресми емес, әкімшілікке немесе жергілікті билік саясатына балама жасайтын саяси процестердің болмағаны белгілі, - деді ол. 

Сайыровтың айтуынша, плюаризм үшін аймақтарда азаматтар дебат жасап, ойларын ашық айтуға, айтатын мәдениетті қалыптастырып үйренуі керек. 

Праймериз алғаш рет өтіп отырған соң, әртүрлі кемшілік болды. Өкінішке қарай, аймақтар әкімдері саяси жүйенің жұмысын өздерінше ойлайды. Әкімдер жергілікті жердегі халықтың жалпы ахуалына жауап бергендіктен, сол жердегі қалыптасқан тепе-теңдікті сол күйінде қалдырсақ деп ойлап, саяси аренаға жаңа адамдардың келуіне дайын еместігін көрсетті. Бұл барлық аймақта кездеспеді. Саяси процесс бір айда немесе бір жылда қалыптасатын дүние емес, оның қалыптасуына ондаған жыл керек, - деді ол.  

Ол атағандай, праймериз – елдің әртүрлі деңгейіне жастарды әкелуге құлықты екенін көрсетті. 

Праймериз – елдің саяси процестерді жаңғыртудағы нақты әрі дұрыс қадам, – деді саясаттанушы.

Өзгелердің жаңалығы