Қырғыз президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

10 Маусым 2019, 12:53
1019
Бөлісу:
Қырғыз президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тараптар екі ел халықтарының тату көршілік және достық негіздегі қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін нақты айтты. 

Сонымен қатар, президенттер алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Өзгелердің жаңалығы