Бас жаңалықтар
Құрбан айт: Медицина қызметкерлеріне ыстық тамақ үлестірілді
PHOTO VIDEO
01 Тамыз 2020, 14:02 189

Құрбан айт: Медицина қызметкерлеріне ыстық тамақ үлестірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Акция аясында 31 шілде мен 2 тамыз аралығында медицина қызметкерлеріне барлық санитария нормасы мен ережені сақтай отырып, 8100 ыстық тамақ тарату жоспарланған.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Тегін тамақпен күн сайын 2700-ден астам қызметкер жұмыс жасайтын 12 стационар қамтылады.

fac9699d976f70b62c608f317d1aee66.jpg

Іс-шара кезінде қатысушылар мен еріктілер қажетті қорғаныс құралдарымен (маска, қолғап, антисептиктер) қамтамасыз етіліп, қашықтық пен карантин тәртібін сақтау туралы нұсқаулармен танысады. 

Құрбан айт мерекесіне орай біз, Нұр-Сұлтан қаласының еріктілері ақ халатты абзал жандарға ыстық тамақ таратудамыз. Акция 31 шілдеден бастап 2 тамызға дейін жалғасады. Акция аясында Нұр-Сұлтан қаласының 12 стационарына ыстық тамақ таратылатын болады, – деді Нұр-Сұлтан қаласының "Астана жастары" КММ маманы, волонтер Бақтияр Есентаев. 
615912e5ab1159dd2fa521778ef4596e.jpg

Тамақтың сапасын мамандар қадағалауда. 

Бүгін Құрбан айт мерекесі қарсаңында медицина қызметкерлеріне тегін тамақ ұйымдастырылып жатыр. Осыған орай басқарма Ұлттық сараптама орталығымен бірге тамақтың сапасына зерттеу жүргізді. Барлығы санитария нормаларына сай келеді. Сондай-ақ, алдын ала келіп санитария нормаларының сақталуына тексеріс жүргізілді, – деді қалалық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Дамира Нұран. 

Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының қабылдау-диагностика бөлімінің дәрігері Айдана Курак әріптестерінің атынан еріктілерге алғыс білдірді. 

Құрбан айт қарсаңында бізді елеп-ескеріп, келіп құттықтап жатқанына көп рахмет. Осы қиын кезеңнен аман өтіп, қалыпты өмірге тезірек оралуды тілеймін, – деді Курак. 

Ауқымды акцияға "Нұр-Астана" мешіті, қалалық дін істері басқармасы, "Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" ЖҚ республикалық штабы, "Гауһартас" мейрамханасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, еріктілер ұйымдары, Сарыарқа ауданы әкімдігі, "Аль Баракат" компаниясы және игі істерден шетте қалмайтын мейірімді адамдар қолдау көрсетті.


Фото: дереккөз
Загрузка...