Құқықтық мәселелер бойынша қайда хабарласуға болады?

9 Қаңтар 2022, 14:17
1451
Бөлісу:
Құқықтық мәселелер бойынша қайда хабарласуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділет министрінің міндетін атқарушы Марат Бекетаев instagram парақшасында ведомствоның жұмысы туралы айтты. 

Министрдің міндетін атқарушы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдай кезінде Әділет министрлігі азаматтарға құқықтық мәселе бойынша көмек көрсету шаралары қабылданды.

Құқықтық ақпараттық қызмет операторлардың көбеюіне қатысты тәулік бойы жұмыс істеуге көшті. Азаматтар мазалаған сұрақтары бойынша және 119 call-center нөмірлеріне хабарласа алады, - деді Бекетаев. 

Ол төтенше жағдай кезеңінде атқарушы қызметтің барлық санатын атқару жұмыстары тоқтатылғанын айтты. 

Бұл шешім барлық сот орындаушыларына жеткізілді. Барлық өңірде туу туралы куәлікті үздіксіз беру қамтамасыз етіледі. Оның ішінде медицина мекемелері де бар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы