Бас жаңалықтар
Қаза тапқан қорықшы марапатталады – Тоқаев
23 Шілде 2019, 17:03 374

Қаза тапқан қорықшы марапатталады – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Охотзоопром» мекемесінің қаза тапқан инспекторы Қаныш Нұртазиновтың туған-туыстарына көңіл айтты. 

"Браконьерлермен алпарыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь Самат Оспановтың сауығып кетуін тілеймін", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ақмола облысы Жарқайың ауданын барлау кезінде "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасалған болатын. 

Қаза тапқан қорықшының артында төрт баласы қалды. Сондай-ақ, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қаза тапқан инспектордың туыстарына көңіл айтқан еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...