Бас жаңалықтар
Қазақстанның 6 облысында дабылды ескерту жарияланды
05 Сәуiр 2020, 16:49 789

Қазақстанның 6 облысында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 6 облыс пен 3 қала тұрғындарына дабылды ескерту жасады.

6 сәуір Атырау облысының кей жерінде тұман күтіледі. Күндіз 6 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с. Атырау қаласында күндіз 6 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%.

6 сәуірде Маңғыстау облысының күндіз басым бөлігінде жаңбыр. Кей жерде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел, солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с. Ақтау қаласында 6 сәуірде Солтүстік-шығыстан соғатын жел, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

6 сәуірде Ақмола облысында кей жерде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%. 

6 сәуірде күндіз Қызылорда облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%, - делінген хабарламада.

6 сәуірде Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерінде күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында күндіз 6 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

6 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында 6 сәуірде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...