Бас жаңалықтар
Елордада қазақстандық жұмысшылар мен шетел азаматтары қақтығысып қалды
21 Шілде 2019, 11:28 354

Елордада қазақстандық жұмысшылар мен шетел азаматтары қақтығысып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған оқиғаға құрылысы жүріп жатқан «Абу-Даби Плаза» ғимаратында жұмыс істейтін қызға шетелдік жұмысшыдан келген SMS-хабарлама себепші болған. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«20 шілде күні сағат 15:06-да «102» пультіне Ақмешіт – Сығанақ көшелерінің қиылысындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан «Sheraton Hotel Astana» қонақүйінің маңында жұмыс ауысымынан шығып жатқан қазақстандық жұмысшылар мен шетел азаматтары сөзге келіп қалған. Оқиғаға «Абу-Даби Плаза» құрылыс нысанында жұмыс істейтін қыз өзінің досына шетелдік жұмысшыдан келген SMS-хабарламаны көрсетуі себепші болған», - деп хабарлады Полиция департаментінде.

Полиция жасағы келген соң қақтығыс аяқталған. Жұмысшылар үйлеріне тарқасты. Оқиғаға қатысқан барлық жұмысшы анықталды. Тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті әлеуметтік желілерде таратылатын түрлі хабарламаға сене бермеуге шақырды және әдейі жалған ақпарат таратқанда адам жауапкершілікке тартылатынын ескертті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...