Бас жаңалықтар
Qazaq kuresi-ін дамытудың 2020-2021 жылға арналған жоспары жасалды
05 Қазан 2020, 23:19 110

Qazaq kuresi-ін дамытудың 2020-2021 жылға арналған жоспары жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Qazaq kuresi ассоциясының вице-президенті Самат Әбіш Қазақстан құрамасының балуандарымен кездесті. Кездесу Jekpe-Jek оқу-жаттығу базасында өтті. 

Жиын барысында ол Qazaq kuresi ассоциясының алдағы уақытта жоспарымен бөлісті. Бұл туралы Qazaq kuresi ассоциясының баспасөз қызметі хабарлады.

Әбіш ғылыми-парктикалық базаны күшейту үшін, әдістемелік бағдарламаларды жүзеге асыру, мамандарды қайта даярлау және квалификациясын жоғарылаты үшін Ассоциясын Президенті Кәрім Мәсімовтің қолдауымен Qazaq kuresi академиясы құрылғанын атап өтті. Сондай-ақ "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ААҚ бірге Qazaq kuresi-ін дамыту үшін 2020-2021 жылға жоспар құрылғанын мәлімдеді. 

Сонымен қатар Әбіш Кәрім Мәсімовтың ұсынысы бойынша ұлттық спортымызды дамыту үшін "Рухани жаңғыру" бағдарламамсы аясында Qazaq kuresi деген арнайы жобаның іске асырылып жатқанын айтты.

Бүгінгі таңда Qazaq kuresi ассоциациясы басқарманың бірегей орталығына айналды. 

Бұл іс-шараның арнайы қонағы ретінде ҚР Спорт және мәдениет вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен Аралас жекпе-жек ассоциациясының президенті Арнұр Садықұлов шақырылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...