Бас жаңалықтар
АҚШ-та ер адам пуманы жалаң қолмен тұншықтырып өлтірді
06 Ақпан 2019, 10:31 979

АҚШ-та ер адам пуманы жалаң қолмен тұншықтырып өлтірді

Фото: YouTube

Астана, BAQ.KZ. Американың Колорадо штатында жаяу жүргінші өзіне шабуылдаған пумадан жалаң қолмен қорғанып, ауруханаға өз бетінше жеткен. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлады. 


Жас пума табиғи саябақта таңғы жүгірумен айналасып жатқан ер адамға шабуыл жасаған. Colorado Parks and Wildlife өкілі Ребекка Фаррелл оқиғаның куәгері болған. Ол пума алдымен ер адамның артынан жүріп отырып, кейіннен оған шабуылдап, оның білегіне жармасқанын айтты.

Ер адам бос қолымен жерден тас алып, онымен жануарды ұрған. Содан соң ол пуманы жерге құлатқан. Ол өз білегін жануардың азуынан босатқан соң, пуманы мойын тұсынан қол-аяғымен қапсыра құшақтап, буындырып өлтірген. 
Одан кейін зардап шеккен азамат көлікке отырып, жақын маңдағы аурухуна келген. Оның қолы мен бетінде пума тісінің іздері мен тілінген түрлі жарақат болған. Бір күннен кейін америкалық ауруханадан шығарылған. 

Жергілікті жануарларды қорғау қызметінің өкілдері ер адам нұсқаған орыннан өлі пуманы тапқан. Жалпы, саябақ өкілі атап өткендей, штатта пуманың шабуылы өте сирек орын алады. Бұл жағдайда ер адамның жүгіріп бара жатқаны пуманы осындай әрекетке итермелесе керек.

Сізден жаңалық