ПТР тестілеу құны арзандайды

14 Қазан 2020, 11:16
2431
Бөлісу:
ПТР тестілеу құны арзандайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда ПТР тестілеу құны 22% арзандайды. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Нарықта оған қажетті материалдардың бағасы арзандағандықтан, Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-зерттеу құнын 22%-ға төмендетуді ұсынды. Жеке қорғаныс құралдары мен тест бағасын да төмендету көзделіп отыр. Қазір келіссөздер жүргізілуде, баға шамамен осы айдың соңында бекітілетін болады, - деді Алексей Цой.

Сондай-ақ, ол қазір зертханалар тәулігіне 48 мыңға жуық тест жасай алатынын айтты. Өңірлерді зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету, мамандарды оқыту жұмыстарының нәтижесінде жалпы тестілеу қуаты тәулігіне 63 мың зерттеуге жетеді.

Бұған дейін ол ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы науқастар санына байланысты еместігін айтып, оның қалыптасуы үшін жалпыхалықтық вакцинация қажет екенін айтқан болатын

Министр вакцина қолданысқа енгізілгенше тұрғындарды санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы