Бас жаңалықтар
Психиатр интернет тәуелділіктен құтылу жолдарын айтты
05 Ақпан 2019, 14:48 799

Психиатр интернет тәуелділіктен құтылу жолдарын айтты

Алматы, BAQ.KZ. Француз психиатры әрі тәуелділікті емдеу бойынша маман Лоран Карила әлеуметтік желіге тәуелділікті қалай анықтау керектігін және одан арылу үшін қандай қадамға бару қажеттігін айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Психиатр барлық тәуелділіктің бес белгісін атады: өзін-өзі бақылауды жоғалту, көргенше шыдай алмау, мәжбүрлі әрекет, қолдануды жалғасытра беру, денсаулығына кері әсері бола тұра пайдалану. 

«Осы белгілердің барлығын байқаған болсақ, бірдеңеге тәуелділігі бар екендігі туралы айтуға болады. Бұл сондай-ақ әлеуметтік желіге кірушілер арасында көптеп таралған. Ерер осындай белгілерді көрсеңіз мамандардың көмегіне жүгінгеніңіз жөн»,-дейді Париждегі Paul-Brousse емханасында жұмыс істейтін Карила.

Ол сонымен қатар интернет тәуелділіктен арылу бойынша бірнеше қарапайым кеңес берді.

«Біріншіден - телефоныңыздағы жаңа хабарламаның келін және жаңа статустың жарияланғанын білдіретін ескертпелерді өшіріп тастаңыз. Екіншіден – әлеуметтік желіде отыратын уақытыңызды қадағалай біліңіз. Үшіншіден – ұйықтар алдында әлеуметтік желіге кірмеңіз. Бұл сіздің ұйқыңызды бұзады, бұл әсіресе экранға көп қарағаннан болады»,-дейді психиатр. 

Ол сондай-ақ, әлеуметтік желіні кенеттен тексере салайын деп, телефонға немесе компьютерге үңіле түсуден аулақ болуға шақырады.

«Әлеуметтік мжеліде жарияланғанның барлығына жауап берудің қажеті жоқ. Егер комментарилерді оқып көңіл-күйіңіз түсіп кетсе, біраз пауза алып, әлеужеліні ұмыта тұрғаныңыз абзал»,-дейді маман.

Сізден жаңалық