Президент су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

2 Мамыр 2020, 12:23
2476
Бөлісу:
Президент су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды.

Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысының Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін премьер-министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы