Президент сайлауы – 2019. Ел тарихындағы маңызды оқиға

9 Сәуір 2019, 16:18
3467
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Ел тарихындағы маңызды оқиға

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірқатар республикалық телеарнадан қазақстандықтарға Үндеу жариялады. Мемлекет басшысының бұл үндеуі ел өміріндегі тағы бір айтулы оқиға десем болады, дейді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің Ата Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылғы 9 маусымда өткізу туралы шешім қабылдады. "Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам. Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды", - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Менің ойымша, Қазақстанның саяси өміріндегі бұл жауапты шешім – маңызды қадам деп ойлаймын", - деді ол. 

Оның айтуына қарағанда, бұл мәселеге қатысты бірнеше фактор бар.

"Біріншіден, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендік жылдары елімізді әлемдік сахнадағы беделі мен орнын нықтап, дамудың қазақстандық үлгісін қалыптастырды. Тәуелсіздік жылдары халықтың әл-ауқаты артып, тұрмыс деңгейі көтерілді. Бұл жақсы үрдісті одан әрмен жалғастырып, дамудың келесі кезеңіне өту қажет. Екіншіден, Елбасының бастамасымен қолға алынған игілікті бағдарламалар мен бастамалар өз жалғасын табуы тиіс деп ойлаймын. Атап айтқанда, олардың қатарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында көрсетілген басым бағыттар мен жобалар бар. Сонымен қатар бұл тарапта "Педагог мәртебесі" туралы Заң жобасын да атап өткен абзал", - деді ректор.

Сонымен қатар, Гауһар Алдамбергенованың пікірінше, Қазақстан Президентінің бүгінгі Үндеуі – барша отандасымыз үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы жауапкершілікті терең сезіне білу баршамыздың парызымыз.

Өзгелердің жаңалығы