Президент медицина қызметкерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

13 Шілде 2020, 11:12
1211
Бөлісу:
Президент медицина қызметкерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерін арнайы наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін: 

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын. 

Исаев Олег Николаевич (марқұм) - Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" МКК бөлімше меңгерушісі.

Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) - "Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Өзгелердің жаңалығы