Президент Көшербаевқа бірқатар міндеттер жүктеді

28 Маусым 2019, 15:16
1530
Бөлісу:
Президент Көшербаевқа бірқатар міндеттер жүктеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған Қырымбек Көшербаевқа бірқатар міндеттер жүктеді.

«Қырымбек Көшербаевты Президент Әкімшілігі Басшысының лауазымына тағайындадым. Әкімшіліктің жұмысын жаңғырту, орталық және жергілікті билік органдарымен өзара тиімді іс-қимыл жасау тетіктерін жолға қою жөнінде бірқатар міндеттер қойдым», деп жазы Тоқаев өзінің Twitterдегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы