Президент блок-бекетте қаза тапқан полицейлерді марапаттады

26 Мамыр 2020, 10:53
1380
Бөлісу:
Президент блок-бекетте қаза тапқан полицейлерді марапаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы блок-бекетте қаза тапқан полицейлерді "Айбын" орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы;

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 


Өзгелердің жаңалығы