Президент Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

25 Қыркүйек 2021, 13:12
7414
Бөлісу:
Президент Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы

Сүлеев Дархан Дауылбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы;

«Ерлігі үшін» медалімен

Әбенов Мұрат Бақбергенұлы (марқұм) – Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі, Алматы қаласы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 


Өзгелердің жаңалығы