Бас жаңалықтар
Премьер-министр кеңсесінің қызметкері күдікті болып отыр – Қабдула
27 Қараша 2020, 15:37 616

Премьер-министр кеңсесінің қызметкері күдікті болып отыр – Қабдула

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула брифинг барысында айтты. 

Қабдула әлеуметтік газ көлемін бөлу кезінде ҚР Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істерді тергеу туралы айтып берді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент тергеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Энергетика министрлігі мен бірқатар облыс әкімдігіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Олар 2019-2020 жылдары әлеуметтік газ көлемін бөлу кезінде қызметтік құзыретін пайдаланған. Павлодар, Маңғыстау, ШҚО, Алматы, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қаласында 1,5 млрд теңге жанар-жағармай өндірген. Тараз бен Ақтау қаласында үнемі пара алған. Бөлінген газ көлемін заңсыз арттырғаны үшін бірқатар лауазымды тұлға тергеліп жатыр, - деді ол. 

Оның айтуынша, Маңғыстау облысына тиесілі болған көгілдір отын Қарағанды облысында жұмсалған. 

Оның құны 252 млн теңгені құрады. Ол 3,5 млн тоннаны құрады. Төменге тұтынушыға жеткенше өнім құны 3 есеге қымбаттаған, - деді ол. 

Шыңғыс Қабдула күдіктілердің қатарында Премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеп жүрген қызметкер бар екенін айтты. 

Екі адам қамауға алынды. Тергеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...