Үндістанда піл бес адамды таптап өлтірді

21 Сәуір 2019, 17:57
4039
Бөлісу:
Үндістанда піл бес адамды таптап өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Орисса штатында піл бір түнде бес адамды таптап өлтірген.


Жануар екі ауылдың тұрғындарына шабуылдаған. Піл Сандха ауылында өз үйінің дәлізінде ұйықтап жатқан үш адамды өлтірген. Олардың барлығы оқиға орнында қаза тапты. Одан кейін алып жануар осы ауылдың тағы бір тұрғынын таптап тастаған.

Hindu мәліметінше, бір сағаттан кейін піл Сантхападе ауылында тағы бір адамды өлтірген. Бесінші құрбанның кім екені әлі анықталған жоқ.

Ақпаратқа сай, пілдердің адамдарға шабуылы Орисса штатында үлкен проблемаға айналған. Жабайы табиғат қоғамының дерегінше, соңғы тоғыз жылда бұл алып жануарлардың шабуылдауынан 661 адам қаза тапқан.
Өзгелердің жаңалығы