Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, бүгінгі күні Pfizer вакцинасын 1313 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйелдер салдырған.
Оқи отырыңыз:
Халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасын табуда. І компонентті 8,5 млн-нан астам адам алды, ол екпе алуы тиіс халықтың 75,1%-ын немесе халықтың жалпы санының 45,3%-ын құрап отыр. ІІ компонентпен 7,8 млн адам қамтылды, яғни тиісті халықтың 68,8%-ы немесе халықтың жалпы санының 41,5%-ы егілді, - деп атап өтті Алексей Цой.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде Pfizer вакцинасы ақылы түрде салынуы мүмкін екендігі туралы айтқан болатынбыз.