Pfizer. Кімге және қашан салынады?
21 Қазан 2021, 12:20 1504

Pfizer. Кімге және қашан салынады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Pfizer екпесімен вакцинациялауға қатысты әдістемелік ұсынымдарын жарияланды.

Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) мРНҚ-вакцинасымен жүргізу» туралы әдістемелік ұсынымдар  коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу тәртібін айқындайды.

«Комирнати» – SARS-CoV-2 тудыратын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізіндегі КВИ-ге қарсы вакцина. «Комирнати» құрамында иммундық қорғаныш тудыратын вирус жоқ, КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес.

Бір құтыда сұйылтқаннан кейін 0,3 мл-ден 6 доза бар.

1 дозада (0,3 мл) мРНҚ негізіндегі (липидті нанобөлшектерге капсулаланған) және қосымша заттар негізіндегі КВИ-ге қарсы 30 мкг вакцина (BNT162b2) бар.

Сыйымдылығы 2 мл мөлдір көп дозалы құты, тығынмен тығындалған және «flip-off» типті пластикалық қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған.

КВИ-ге қарсы вакцинациялауға мынадай адамдар жатады:

1)       12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер;

2)       жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін;

3)       лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін).

7.        Вакцинация жүргізу алдында КВИ-дың және коронавирусқа антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді.

КВИ-мен ауырып жазылған адамдар сауыққаннан кейін вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалау ескеріле отырып, 6 айдан соң КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады. КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинациялауға жол беріледі.

Жергілікті атқарушы органдардың аумақтық денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармасы) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен (бұдан әрі – аумақтық департамент) және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық білім басқармасымен (бұдан әрі – білім басқармасы) бірлесіп КВИ-ге қарсы вакцинациялауға дайындық және оны жүргізу жөніндегі іс-шараларды жедел жоспарлау және үйлестіру үшін денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде жұмыс топтарын құруы, іс-шаралар жоспарын дайындауы қажет.

Егілуге жататын адамдардың санына сәйкес егу бригадаларының қажетті саны, вакцина, шығын материалдары, тоңазытқыш жабдықтар, автокөлік саны есептеледі.

Денсаулық сақтау басқармасы аумақтық департаментпен және білім басқармасымен бірлесіп облыс орталығының жауапты мамандарының қатарынан әрбір аудан, қала бойынша КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіретін кураторды тағайындайды.

Бұл ретте халықпен жұмыстың ұйымдастырылуына, оның ішінде азаматтарды, кәмелетке толмағандардың ата-аналарын немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың өзге де заңды өкілдерін ақпараттандыруға назар аудару қажет.




Фото: дереккөз
Загрузка...