Бас жаңалықтар
Пермь университетіндегі атыс: Қаза тапқандар саны 8 адамға жетті
VIDEO
20 Қыркүйек 2021, 15:15 286

Пермь университетіндегі атыс: Қаза тапқандар саны 8 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Университет аумағында оқ жаудырған – студент. Оның есімі анықталды. Ұстау кезінде қарсылық танытқан ол жарақат алып, ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

Атыс фактісі бойынша екі және одан көп адамды өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді комитеттің орталық аппараты жүргізеді.

Еске сала кетейік, сағат 11:00 шамасында (жергілікті уақытпен сағат 09:00-де) Пермь университеті кампусының аумағына қолына қару ұстаған белгісіз бір адам кіріп, оқ жаудыра бастаған.


Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Пермь мемлекеттік университетінде белгісіз біреу травматикалық қарумен оқ атқанын хабарлаған едік.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...