Ел чемпионаты. Павлодарлық «Сатты» Ақмолаға жол берді

21 Мамыр 2019, 17:20
3112
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Павлодарлық «Сатты» Ақмолаға жол берді
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының «Сатты» командасы мен Ақмола облысының құрамасы кездесті. D тобында өнер көрсететін Павлодар облысының құрамасы кеше қарсылассыз қалып, ойынға бүгін араласты.

Сондықтан бұл команданың құрамын таныстыра кетуді жөн көрдік. Ал Ақмола облысының құрамасын кеше Қарағанды облысының «Достық» командасымен ойнаған кезінде таныстырған болатынбыз.

Ел чемпионаты. Павлодарлық «Сатты» Ақмолаға жол берді

«Сатты» командасының құрамы:

№1 Ержан Тосжанов, мінген аты - Еркеторы;
№2 Фархат Мухитов – Желторы;
№3 Ардақ Жақыпов – Айқасқа;
№4 Мадияр Бағлан – Айшуақ; 
№5 Дархан Елібаев – Ақтанау; 
№6 Төрехан Амангелді – Диқан;
№7 Құдайберген Тұрғынбаев – Лашын; 
№8 Асылбек Бақберген – Нарқасқа; 
№9 Мақсат Тайшыбаев  – Хан; 
№10 Айдар Бақытжанов – Ақбақай; 
№11 Жасұлан Рустамбек – Шағыр; 
№12 Айтмұхамет Қожанов - Нарын.

Ел чемпионаты. Павлодарлық «Сатты» Ақмолаға жол берді

Кешеден бері қарсыластарының қапысын бағып, аттары да, өздері де тың «Сатты» командасының жігіттері ә дегеннен қажырлы ойын көрсетті. 

Алайда Ақмола құрамасына тегеурін таныта алмады. Ойынның алғашқы айналымында есеп 3:0 – ақмолалық жігіттердің пайдасымен аяқталды.

Екінші айналымда да павлодарлықтар есепті айтарлықтай өзгерте алмады. Есеп – 8:1. Ақмолалықтар бұл жолы да қарсыласынан басым түсті.

Ел чемпионаты. Павлодарлық «Сатты» Ақмолаға жол берді

Салым салғандар:
«Сатты»: Мадияр Бағлан – 1 салым.

Ақмола облысының құрамасы: Манас Мұхамедқали – 1 салым, Аблайхан Тоқабаев – 2 салым, Әлихан Қалибаев – 3 салым, Бекзат Темірбек – 1 салым, Жандос Қалымтаев – 1 салым салды.

Ел чемпионаты. Павлодарлық «Сатты» Ақмолаға жол берді

Естеріңізге сала кетейік, көкпар ойынында топтық кездесудің үшінші күні, яғни ертең төмендегі кесте бойынша ойын өтеді.

Ақтөбе облысы – ШҚО 9.00 – 10.00
Түркістан облысы – Нұр-Сұлтан қаласы 10.00 – 11.00
БҚО – Маңғыстау облысы 11.00 – 12.00
Атырау облысы – Қызылорда облысы 12.00 – 13. 00
Алматы қаласы – СҚО 14.00 – 15.00
Қостанай облысы – Жамбыл облысы 15.00 – 16.00
Қарағанды облысы – Павлодар облысы 16.00 – 17.00


Өзгелердің жаңалығы