Бас жаңалықтар
Павлодарда жас полицейлердің кадет сыныбы ашылды
25 Ақпан 2019, 09:24 259

Павлодарда жас полицейлердің кадет сыныбы ашылды

Астана, BAQ.KZ. Павлодар қаласы №24 мектеп базасында 7-ші сынып оқушыларына арналған «Жас полицейлер» кадеттік сыныбы ашылды.

Кадеттік сынып Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің бастауымен ашылды, деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Кадет сыныбының оқу бағдарламасына құқықтану бойынша факультативтік сабақтар, қаруды бөлшектеп бұзу және жинау, саптық дайындық, заңнаманы білу сабақтары кіреді.Құқықтану тақырыбындағы сабақтарды ішкі істер органдарында үлкен тәжірибесі бар оқытушылар өткізеді. Сабақ аптасына бір рет негізгі оқу үрдісін бұзбай өтеді. Кадет сыныбының оқушылары полиция қызметкерлерімен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысады. Кадет сыныбына бекітілген күн тәртібін және мінез-құлық ережесін сақтайды, кадет сыныбының және өз мектебінің дәрежесін бағалайды» , - деді баспасөз қызметі.  

Сонымен қатар, ашылу салтанатында оқушылардың алдында ЖҚАЖ жауынгерлері қоян-қолтық күрес техникасын, кинолог мамандары іздестіру иттерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Полиция департаментінің хоры патриоттық әндерді шырқады.

Іс-шара соңында полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров барлық сыныпқа ІІМ логотипімен бейджиктер табыс етіп Отанды қорғауда берік, қайсарлы болуға және алда ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатарын толтыруға тілек білдірді.

Сізден жаңалық