Бангладеште белгісіз біреулер ұшақтағы жолаушыларды тұтқынға алды

25 Ақпан 2019, 09:12
1877
Бөлісу:
Бангладеште белгісіз біреулер ұшақтағы жолаушыларды тұтқынға алды

Астана, BAQ.KZ.Тұтқынға алынған әуе кемесі Читтагонг арқылы Даккадан Дубайға рейс жасау керек болатын.

Белгісіз біреулер Biman Bangladesh Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағын тұтқынға алды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметке сүйенсек, бір жолаушы қолына қару алып, пилоттардың кабинасына кірген. Ол басқа жолаушыларға да оқ атамын деп қорқытқан.

Өзгелердің жаңалығы