Павлодарда жалған полицей ұсталды

17 Ақпан 2020, 20:50
1439
Бөлісу:
Павлодарда жалған полицей ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адам өзін полицеймін деп таныстырып, зейнеткерден ақшы жымқырғысы келген.

Ішкі істер органдарының статистикасына сәйкес, алаяқтық қылмыстардың үштен бір бөлігі егде жастағы адамдарға қатысты болады. Олар жаңа технологиядан хабарсыз болғандықтан, "әлеуметтік қызмет", "әлеуметтік қорғау", "полиция" деген сөздерге сеніп, алданып қалады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Павлодардың 36 жастағы тұрғыны таңертең 73 жастағы зейнеткердің үй телефонына қоңырау шалып, өзін полицеймін деп таныстырған. Оның баласы көлік апатын жасап, полицейлер ұстағанын айтқан. Бірақ мәселені шешу үшін ақша төлеу керек деп талап еткен. Қорыққан әйел көшегі шығып, қолында бар 46 200 теңгесін берген. 

Кейін зейнеткер ұлына хабарласпағанын ойлап, бірден қоңырау шалады. Ұлының аман-есен екенін білген соң полицияға қоңырау шалады. 

Павлодар полициясы күдіктіні ұстап, қамауға алды. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр. Ер адам бұған дейін осындай қылмысы үшін сотталған екен. 

Полицейлер тұрғындарға үйдегі үлкендерге сақтық шараларын түсіндіруге кеңес береді. Осындай алаяқтар бар, телефон арқылы алдайтынын ескерту керектігін хабарлады. 

Күдікті әрекет байқап қалған жағдайда бірден 102 нөміріне қоңырау шалу керек.

Өзгелердің жаңалығы