Бас жаңалықтар
Павлодарда той өткізгендер айыппұл арқалады
11 Қыркүйек 2021, 10:12 102

Павлодарда той өткізгендер айыппұл арқалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзу фактісі облыс орталығында орналасқан "Inju" мейрамханасында анықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін мониторингтік топ кезекті тексеру жұмыстарын жүргізіп, 7 банкет залын тексерген. Нәтижесінде карантин талаптарын бұзып, бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзған "Inju" мейрамханасында үйлену тойы өтіп жатқаны анықталған.

Аталған факті бойынша тиісті шаралар қабылданып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылады. Қала тұрғындарына бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанын және әрбір азамат осы талаптарды бұзғаны үшін дербес жауап беретінін ескертеміз, - деген баспасөз хабарламада.


Фото: дереккөз
Загрузка...