Павлодарда коронавирустың таралуын алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті

7 Ақпан 2020, 19:47
1627
Бөлісу:
Павлодарда коронавирустың таралуын алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде коронавирус инфекциясын алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті. Шараға эпидемиологиялық қызметінің мамандары жұмылдырылды.

Шартты сценарий бойынша жедел медициналық қызметке "қорқынышты хабар" жергілікті әуежайдан түседі. "Мәскеу-Павлодар" бағытындағы рейстен 15 күн бойы Қытайда болған жолаушы түседі. Ұшақ жерге қонарда экипаж командирі бортта ауруға шалдығуы мүмкін жолаушы туралы ескерту жариялайды.

Дәрігерлер жедел әрекет етіп, Қытай Халық Республикасынан келген мейман арнайы "BIOBAG EBV-40" атты биологиялық капсулаға орналастырылады. Қауіпті вирус жұқтыруы мүмкін азамат болған жер арнайы құралдармен өңделеді. Сонымен қатар, бірге ұшып келген азаматтардың барлығы тексеріледі.

13.PNG

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Дощанованың айтуынша, өңірдегі инфекциялық ауруханада арнайы бокс бар.

Арнайы бокс қосымша кіру орнымен жабдықталған. Оқу-жаттығу шарасы аясында қауіпті сырқат көше жақтан кіргізіледі. Кейін тез арада ем-дом шаралары басталады. Осы тектес шаралар инффекцияның алдын алып, жедел әрекет ету қимылдарын тексеруге бағытталды, - дейді Зәмзәгүл Дощанова.

Айта кетейік, қазіргі таңда экпидемиологиялық кезеңге байланысты департамент бір реттік маскалар мен дәрілерге шекті бағаларды негізсіз көтермеу шараларын қолға алды. Өңірде вирусқа қарсы, иммунотүрлегіш, қақырық түсіретін, ыстық түсіретін және ауыруды басатын дәрілердің бағасының көтерілуіне жол берілмейді.

Құжатқа салалық мекеме, денсаулық сақтау басқармасы мен Павлодар облысының дәрігерлері, провизорлары және фармацевтері қауымдастығының өкілдері қол қойды. Павлодар облысында күн сайын дәріханалардағы масканың болуы және оның бағасына мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күні олардың саны жеткілікті, орташа бағасы 21-22 теңге. Тапшылық байқалмайды, - дейді сала мамандары.

Айта кетейік, облыстағы дәріханалардың қорында 160 мың медициналық маска бар.

Өзгелердің жаңалығы