Бас жаңалықтар
Павлодарда көптілді балабақша ашылады
08 Мамыр 2019, 14:21 329

Павлодарда көптілді балабақша ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардағы №56 балалбақша іске қосылғаннан кейін мұнда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен басқа, ата-аналардың өтініші бойынша қытай, кәріс, француз, түрік немесе жапон тілдері оқытылуы мүмкін. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

Бұрынғы «Стикс» мектебінің орнына ашылатын №56 балалар бақшасының жөндеу жұмыстарымен танысқан Павлодар әкімі Әнуар Күмпекеев атқарылып жатқан жұмыстармен қанағаттанды.

«Мұнда қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытумен шектелмейміз. Қазіргі кезде Азия тілдері зор болашаққа ие. Балалар бақшасында қытай, кәріс, тіпті жапон тілдерін оқытуымыз мүмкін. Әрине, бұған ата-аналар ниет білдіріп жатса», - дейді Әнуар Күмпекеев.

№56 балалар бақшасы басшысының міндетін атқарушы Ғафура Махметованың айтуынша, пайдалануға берілген кезде бақшада 10 топқа бөлінген 230 бала тәрбиеленеді.

«Балабақша бес күндік 12 сағаттық режиммен жұмыс істейді, бірақ демалыс күндері қосымша сабақтар берілуі мүмкін. Оларға мектеп алдындағы әзірлік, тіл сабақтары секілді ата-аналар сұранысы бойынша сабақтар беріледі. Бізде балет, театр студиялары және балалар фитнес-залы жұмыс істейтін болады. Оған қоса, бақшада тұз шахтасы, массаж және физиотерапия кабинеттерін жабдықтау көзделуде», - дейді Ғафура Махметова.

Ғафура Махметова айтқандай, жөндеу жұмыстары 12 наурызда басталып, жоспарға сәйкес, 20 маусымда аяқталады. Жоба құны – 337 млн теңге.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық