Бас жаңалықтар
Павлодарда 120 бүлдіршін жүгірген спринт өтті
08 Мамыр 2019, 14:09 346

Павлодарда 120 бүлдіршін жүгірген спринт өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласының № 24 балабақшасында Жеңістің 74 жылдығына арналған мектепке дейінгі балалардың спринті өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Қалалық білім беру бөлімі хабарлағандай, Шараға 120-дан астам тәрбиеленушілер, ата-аналар, № 24 балабақшаның педагогтері, № 2 шағын ауданның ардагерлер кеңесі қатысты.

«Спринт 4 кезеңнен тұрды: кіші топ балалары велосипедпен балабақша аймағы бойынша жүгірісті бастап, эстафетаны ортаңғы және ересек топтары балаларына берді. Одан кейін ортаңғы және ересек топтары балалары балабақша аймағынан Қайырбаев көшесінің жол бойына дейін эстафетаны ата-аналарға және балабақша қызыметкерлеріне берді. Жарыс өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік, рухани және патриоттық сезімдерін насихаттау мақсатында өткізілді», - деп хабарлайды білім беру бөлімі.

Өз кезегінде ата-аналар және балабақша қызыметкерлері жүгіруді Жергілікті полиция қызметкерлерінің қолдауымен Қайырбаев көшесі бойымен Даңқ Обелискісіне дейін жалғастырды, ол жерде эстафетаны даярлық тобы балалары алды.

Даңқ Обелискісі жанында тыл жұмыскерлері, Павлодар қаласы білім беру бөлімі, Павлодар қалалық «Nur Otan» партиясы филиялының өкілдері, ішкі саясат басқармасы өкілдерінің қатысуымен, балалардың тақырыптық қойылымымен, үнсіздік минуты және гүл қоюмен митинг өтті.

 


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық