Әлеуметтік желіде Болат Бақауовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарауда

15 Қаңтар 2020, 21:00
2153
Бөлісу:
Әлеуметтік желіде Болат Бақауовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарауда

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр" деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралып жатыр.

Кейбір дерек көздерінің хабары бойынша ҰҚҚ қызметкерлері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты, сондай-ақ, оның көмекшісі мен облыс әкімінің орынбасарларының бірін ұстаған. Қазіргі кезде ол Павлодар облыстық ҰҚҚ ғимаратында тергеуде. Оның жұмыс орны мен үйінде тінту жүргізілуде, -  деп жазады "Yedilov online" телеграм арнасы. 

Әзірге ресми органдар шыққан ақпаратты не растап, не жоққа шығарған жоқ.

Тек Павлодар облысы әкімдігінің Instagram парақшасында аталған жағдайға қатысты түсіндірме жарияланды. 
БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр" деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз Сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз, - делінген жазбада. 

Өзгелердің жаңалығы