Бас жаңалықтар
Павлодар облысында мәдениет үйі отқа оранды
03 Қазан 2021, 13:54 350

Павлодар облысында мәдениет үйі отқа оранды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.


Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қазан күні сағат 19.39-да  «101» пультіне Тереңкөл ауданының Береговое ауылында И.Намазбаев көшесі, 3 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Тереңкөл аудандық мәдениет үйі 1968 жылы салынған. Екі қабатты кірпіш ғимараттың кинотеатр залында ағаш конструкциялары мен төбесі жанған.  Жалпы ауданы 400 шаршы метрді құрайтын ағаш сахна конструкциялары жанып, құлап түскен. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін  үш иінді саты  мен өрт гидрантына магистральдық желі орнатылды. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - дейді департаментте.

Оқиға орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 16 адам мен 4 техника, «102» қызметі жұмыс істеді. 

Аудан орталығында орналасқан Тереңкөл ауданын күзету бойынша № 8 өрт сөндіру бөлімінен оқиға орнына дейінгі қашықтық 20 километрді құрайды. 

«101» пультіне хабарлама сағат 19.39 минутта түсті, өрт сөндірушілер сағат 19.40 минутта шықты. Алғашқы өрт сөндіру техникасы сағат 20.5 минутта жетті. Түнгі сағат 02.00-де толықтай сөндірілді.

Сонымен қатар, өртті сөндіруге Октябрьское ауылынан құрамында 2 адам және 1  техника бар өрт сөндіру бекеті,  10 адамнан тұратын ерікті өртке қарсы құрылым, 1 тиегіш жұмылдырылды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...