Павлодар облысында 33 шомылу орны ашылады

15 Мамыр 2020, 11:53
1494
Бөлісу:
Павлодар облысында 33 шомылу орны ашылады
Фото: автордан

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жазда Ертіс өңірінде 33 шомылу орны ашылады. Олардың 17-сі - мемлекеттік, қалғаны - жекеменшік жағажайлар.

Қазіргі таңда шомылу маусымына дайындық басталып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, шомылу науқаны ресми түрде бірінші маусымда басталады. Десе де, бұны елеп жүген жұрт жоқ. Аймақта соңғы күндері ауа температурасы +30 градусқа көтеріліп кеткен. Аптап ыстық тұрғындарға шомылу маусымын елден бұрын бастап кетуге түрткі болды.

Ережені сақтауға құлықсыз азаматтар көбейіп кеткендіктен, құтқару жасақтары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Мамандардың айтуынша, Ертіс өзенінің су деңгейі көтерліген сәтте суға түсу аса қауіпті.

Қазіргі уақытта Шүлбі қоймасынан табиғатты қорғау мақсатындағы су босату жұмыстары жүріп жатыр. Өзеннің ағыны күшті әрі түбінде ағаш, металл сияқты қатты қоқыстар жиналып қалуы мүмкін. Бұл аса қауіпті. Бүгінде өзенге секундына 1000 шаршы метр су бостылып жатыр. Оған қоса жағажайлар абаттандырылған жоқ, судың түбі де зерттелген жоқ, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Серік Шериязданов.
Сала мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта Ертістің жағалауына 7 шаршы шақырым су келген. Былтырғы шомылу маусымында 33 адам суға кеткен. Бұл - салыстырмалы кезеңге қарағанда 37%-ға артық көрсеткіш.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мамандар судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себебі жағажайлардың жетіспеушілігі деген байламға келген. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған Жол картасы әзірленеді.

Өзгелердің жаңалығы